Автор туралы
АМАН МӘДЕЛХАНҰЛЫ АБАСИЛОВ
Ғылыми дәрежесі: филология ғылымдарының кандидаты.
Ғылыми атағы: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры.
Туған күні: 09.10.1966.
Туған жері: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Майлытоғай аулы.
Лауазымы: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Жалпы жұмыс өтілі: 38 жыл.
Педагогикалық жұмыс өтілі: 30 жыл.
Білім: 1987-1992 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика университеті. Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.
1995-1998 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің аспиранты.
1998 жылы диссертациялық кеңесте «Қазақстан Республикасының солтүстік аймағындағы мемлекеттік тілдің социолингвистикалық проблемалары: оларды шешу жолдары» деген тақырыпта диссертациялық жұмысын қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.
Кәсіби тәжірибесі:
1992-1995 жылдары С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік университетінде Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы.
1998 жылдан Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасында аға оқытушы.
2007-2013 жылдары Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі.
2014 жылдан Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Марапаттар:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Мәдениет және ақпарат министрлігі, Тіл комитетінің алғыс хаты (2006).
Сыр елі қаламгерлерінің 200 томдық «Сырдария кітапханасы» антологиясының шығуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің алғыс хаты (2010).
Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімі мен маслихатының құрмет граммотасы (2014).
Қызылорда облысының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Қызылорда облысына – 70 жыл» медалі (2014).
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011).
«Қазақстан халқы ассамбеясының 20 жыл» мерекелік медалі ().
«Тіл жанашыры» құрмет белгісі (2015).
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы (2017).
«Қызылорда қаласының 200 жылдығы» медалі (2018).
«Үздік педагогі» атағы (2019).
Ғылыми еңбектері мен жарияланымдары:
А.Абасилов 7 монографияның, 2 оқу құралының, 5 авторлық бірлестіктегі ғылыми жинақтардың, 170-тен аса ғылыми мақаланың авторы.
Біліктілікті арттыру:
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтағаны туралы сертификат (БЖ №095480). Астана, 28 қыркүйек, 2018 жыл.
«Смарт білім беру: әдістемелер мен технологиялар ресурсы» атты 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсының сертификаты (№00243). Алматы, 25 қаңтар – 7 ақпан, 2021.