Автор туралы
Маханова Гулфайруз Мейрманқызы
Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
Маханова Гулфайруз Мейрманқызы 1996 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін «Физика және информатика» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1996 жылдың қыркүйек айынан бастап Ы. Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіптік өндіріс инженерлері институтының «Физика» кафедрасында оқытушы қызметін атқарды.
2000-2004 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 13.01.00-«Физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша аспирантура бөлімінде оқыды.
2012 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 6М011000-«Физика» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2014 жылы педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды.
Қазіргі уақытта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Математика және қолданбалы механика» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқаруда.
БІЛІМІ:
1991 - 1996 ж.ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, физика-математика факультеті, мамандығы «Физика және информатика», біліктілігі: «физика және информатика пәнінің оқытушысы»;
2000 - 2004 ж.ж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 00.02- «Физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» аспирантура;
2012 - 2014 ж.ж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «6М011000-Физика» мамандығы бойынша магистратура.
ЗЕРТТЕУ АЯСЫ:
Жер ғаламшарының атмосфера қабатындағы физикалық процестерді зерттеу;
«Физика» және «Теориялық механика» пәндерін оқыту әдістемесі.
БАСЫЛЫМҒА ШЫҚҚАН МАҚАЛАЛАРЫ:
«Жер атмосферасы мен физикасы» элективті курсын оқыту әдістемесі// «Шоқан оқулары-17», Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Көкшетау. 22-24сәуір, 2013ж.-11-13 б.б.;
Жер ғаламшары физикасы және оның атмосферасы элективті курсында дүниенің тұтастығы туралы ғылыми түсінік қалыптастыру// Шоқан оқулары-18, Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Көкшетау, 24 сәуір,2014 ж.- 9-11б.б.;
Жоғары оқу орындарында білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру//«Шоқан оқулары-19», Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Көкшетау. том 4, ISBN 978-601-261-251-6, 17-18сәуір, 2015ж.- 42-46 б.б.;
Жер ғаламшары// «Ғылымның техниканың және білім берудің басымдықтары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, I бөлім, сәуір, Қызылорда-Киев,2016. ISBN 978-601-80446-1-8;
Влияние теплофизических свойств асфальтобетонного покрытия на глубину промерзания земляного полотна// «Интеграция научного сообщества перед глобальными проблемами современности» Материалы II международной научно практической конференции. Япония. Г.Осака.том 1, ISBN 978-601-267-055-4. импакт фактор -0,19. 7-9.03.2017 –с. 298-305;
Возможности и перспективы использования альтернативных источников электроэнергии в Кызылординской области// Труды VI Международной научно-практической конференции молодых ученых и студентов посвященной 50-летию Таразского государственного педагогического института.том7, г.Тараз. 30.03.2017. - с.34-37;
Инженерлік мамандықтарға физика пәнін оқытудың кейбір ерекшеліктері//«Шоқан оқулары-22», Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, том 4, Көкшетау.ISBN 978-601-261-251-6, 27.04.2018ж.-42-46 б.б.;
Кейбір стандартты емес физикалық есептерді шығару әдістемесі// «Болашаққа ғылыми көзқарас – қоғамдық сананы модернизациялау тәсілі ретінде» атты X Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. «Дулатов оқулары-2018». Қостанай.12.04.2018.;
Табиғаттағы электрлік құбылыстар физикасы// «Сабақтастық. Әділеттілік. Даму» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы. Қызылорда. 9-10 сәуір 2019ж.-15-19б.б.;
Физикадан студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері// Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетiнiң Хабаршысы. №2 (55) 2020.-50-55б.б.;
Состояние исследований резонансных колебаний роторных машин// Вестник Национальной инженерной академии РК. №2(68).-2018г,-с.50-55;
Ионосфераның метеор ізіндегі физикалық процеске әсері// «ШОҚАН ОҚУЛАРЫ-25» тақырыбында «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан ғылымы. Жетістіктер және даму болашағы» тақырыбында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. 3 том. Көкшетау. 21 сәуір, 2021ж.. 14-16 б.б.;
Астрономиядан оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру// «ШОҚАН ОҚУЛАРЫ-25» тақырыбында «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан ғылымы. Жетістіктер және даму болашағы» тақырыбында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. 3 том. Көкшетау. 21 сәуір, 2021ж. 16-20 б.б.;
Білім беруде мобильді технологияларды кіріктіре оқыту әдістемесі// «Оқу процесіндегі цифрлық трансформация және қолданбалы бағдарламалауды қамтамасыз ету» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 4-секция, «Цифрлық дәуір: Оқытудың жаңа әдістемесі мен практикасы». Қызылорда, маусым 2022ж.-522-527 б.б.;
Мобильдік құрылғыларға арналған қосымшаларды құру бойынша элективті курс әзірлеу// «Оқу процесіндегі цифрлық трансформация және қолданбалы бағдарламалауды қамтамасыз ету» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 4-секция, «Цифрлық дәуір: Оқытудың жаңа әдістемесі мен практикасы». Қызылорда, маусым 2022ж.-527-521 б.б.
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМДАМА КУРСТАРЫ:
15 - 27 мамыр 2006ж. «Физика» біліктілікті арттыру курсы. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жанындағы жоғара оқу орындары оқытушыларының білімін жетілдіру институты. Алматы қаласы;
28 сәуір – 26 мамыр 2012ж. «ЖОО-да интербелсенді оқыту әдістерін қолдану» біліктілікті арттыру курсы. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ұйымдастыруымен, Қызылорда қаласы;
21 – 30 мамыр 2012 ж. «Бомбалы калориметрия әдісімен қатты және сұйық отындардың жану жылуын анықтау» біліктілікті арттыру курсы. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ұйымдастыруымен, Қызылорда қаласы;
09 – 17 желтоқсан 2012ж. «Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» біліктілікті арттыру курсы. Поволжье мемлекеттік әлеуметтік-гуманитарлық академиясы ұйымдастыруымен, Самара қаласы;
09 – 21 қазан 2017ж. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ ұйымдастыруымен «Заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы, Алматы қаласы;
3 – 5 шілде 2017ж. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің заманауи талаптарына сәйкес білім бағдарламаларының мазмұнының жаңартылуы» біліктілікті арттыру курсы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Қызылорда қаласы;
29 қазан – 09 қараша 2018ж. «Қазақстан республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог мамандарды даярлайтын ЖОО профессорлық оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру курсы». «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы., Астана қаласы;
07 қазан 2019ж. Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызметтер Академиясы Іскерлік Әкімшілігінің докторы В.Д.Киселевтың «Методика написания исследовательских кейс-стади в формате кейкис» тақырыбында семинар. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ. Қызылорда қаласы;
17 – 23 маусым 2019ж. «Жаңартылған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұны: өзгерістер және тәжірибе» курсы. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ. Қызылорда қаласы;
07 - 28 ақпан 2022ж. «Физика пәнін оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы. «Кәсіби білім беру Академиясы» ЖШС, Қызылорда қаласы;
04 - 27 ақпан 2022ж. «Теориялық және қолданбалы механиканы оқыту әдістемесі мен теориясы» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы. «Кәсіби білім беру Академиясы» ЖШС, Қызылорда қаласы.
Курсы автора: